Батыс Қазақстанда шағын бизнес нысандары 486 млрд. теңгенің өнімін өндірді

None
ОРАЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 89377 адам еңбек ететін 19455 шағын бизнес нысаны болса, олар 2010 жылы 486 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл алдыңғы жылғыдан 0,9 пайызға жоғары. Соның ішінде 2179 заңды тұлға (48198 адам) 450 млрд. теңге, 13726 жеке кәсіпкер (30524 адам) 24,7 млрд., 3550 шаруа қожалығы (10655 адам) 11,2 млрд. теңгенің өнімін өндіруге жетісті.

БҚО-да 2011 жылдың 1 қаңтарына 4196 шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылғы осы кездегіден 1 пайызға кем.