ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - 5 қазанға қараған түні Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында екі бірдей тұрғынның қора-қопсысы отқа оранды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 65 центнер пішенге қоса үш бас ірі қара өртке кетті. Тайпақ полиция бөлімінің қызметкерлері екі оқиға да қасақаналықтан болған деп тапты. Жедел іздестіру шаралары барысында қасақана от қойған 40 жасар ауыл тұрғыны анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).