Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 231 адамнан коронавирус табылды
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 122-сінен ауру белгілері байқалса, 109-ында симптомы болған жоқ.
Бұлардың 61-і бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 111-і ЖРВИ белгілерімен дәрігерге тексерілгенде, 36-сы профилактикалық мақсатта емханаға қаралғанда, 23-і стационарға жатқызар кезде анықталған.
Сырқаттанғандардың 155-і, яғни басым бөлігі Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ соңғы төрт күнде Бөрлі ауданында 24, Бәйтеректе 22 адамның ауырғаны белгілі болды.
Өңірде осы кезге дейін 13827 адам КВИ жұқтырса, соның 11425-і жазылып шықты. Көз жұмғандар саны 216-ға жетті.
Облыста эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. Осыған байланысты эпидемиолог мамандар санитарлық талаптарды, маска режимін сақтау қажеттігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бабалақшаларға кезекші топқа 25 балаға дейін келетінін жазған болатынбыз.