ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 285 адамнан короанвирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның басым көпшілігінде, яғни 212-сінде ауру белгілері болса, 73-і – симптмомы жоқтар.
Ауырғандардың 157-сі ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 103-і бұрын сырқаттанғандармен қарым-қатынаста болған. Профилактикалық мақсатта 22, стационарға жатқызар алдында 3 адамнан сынама алынған.
Ковид жұқтырғандардың 149-ы Орал қаласында, 57-сі Бәйтерек, 30-ы Бөрлі ауданында тіркелген.
Департамент мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері облыста 23295 науқас анықталып, соның 18366-сы жазылып шықты, 350-і көз жұмды.
Соның 13029-ы Орал қаласы, 2839-ы Бәйтерек, 2581-і Бөрлі, 971-і Теректі, 804-і Ақжайық ауданының үлесіне тиеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 7,7 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).