ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 340 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 221-інде ауру белгілері болса, 119-ы – симптомы жоқтар.
Ауырғандардың 203-і ЖРВИ белгілерімен тексерілсе, 28-і бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған.
107-сінен профилактикалық, 2 адамнан эпидемиологиялық бақылау мақсатында сынама алынған.
Науқастардың 100-і Орал қаласында, 54-і Бәйтерек, 51-і Бөрлі ауданында тіркелген.
Департамент мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері 35 143 адамнан коронавирус табылып, соның 27 092-сі жазылып шықты. 678-і көз жұмды.
Соның ішінде 17 884-і Орал қаласы, 4657-сі Бәйтерек, 4305-і Бөрлі, 1579-ы Теректі, 1248-і Ақжайық, 1009-ы Казталов ауданының үлесіне тиеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы екі айда 272 адамның коронавирустан көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).