осы жылжымалы флюрокөліктің қызметін тоқтату туралы талап арызбен сотқа шағымданған болатын.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, санитарлық дәрігерлердің тексерісі барысында өлшем бақылауының және жылжымалы құрылғының радиациялық қорғаныш бақылауының болмауына байланысты жылжымалы флюрокөліктің санитарлық ереже талаптарына сай еместігі жөнінде өткен жылғы 26 маусымда қорытынды берілген. Соған қарамастан, 2012 жылы 3 163 адам осы ақауы бар құрылғының қызметін пайдаланып, флюротексеруден өткен. Солардың ішінен 74 адамның жүрегі мен өкпе тексерісі қорытындысы дұрыс еместігі анықталып, бір айдан кейін қайтадан флюротексеруден өтуге тура келген.
Сонымен қатар тексеру кезінде бірқатар кемшіліктердің орын алғаны және рентгенкабинет қызметкерлері радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аттестаттаудан өтпегені анықталған.
Сотта жауапкердің өкілі талап арызды толықтай мойындап, қазіргі сәтте анықталған бұзушылықтарды жою үшін қаржы қарастырылуда екендігін айтты.
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Тасқала ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ-ның Тасқала аудандық орталық ауруханасының жылжымалы флюрокөлігінің қызметін тоқтату туралы талап арызын қанағаттандырды.