«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің «Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың шешім-құжатында.
Еске салайық, су тасқынына байланысты 11 наурызда Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланған еді. Сол кездегі Орал қаласы әкімдігінің ақпаратына сай, аудандағы 8 тұрғын үйді су басқан.
Бұдан бөлек, су тасқынына байланысты Орал қаласы мен екі ауданда төтенше жағдай жарияланды.