Батыс Қазақстанда тағы бір басқарма басшысы өз табысын жариялады
11:53, 10 Маусым 2013
ОРАЛ. 10 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» ХДП-ның бастамасына сәйкес «Өзіңнен баста!» шарасы одан әрі жалғасуда.
БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Кемел Сәдбековтің хабарлағанындай, оның айлық жалақысы - 185142 теңге. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі жоқ.
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Аққали Әубекеровтің айтуынша, аталмыш шара барысында осы маусым айында басқа да басшылар өз табысын жариялайтын болады.