Батыс Қазақстанда тағы бір мектеп ғимараты пайдалануға берілді
18:46, 31 Тамыз 2010
ОРАЛ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Теректі ауданы Жайық ауылында жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
Аталмыш нысан құрылысына 127 млн. теңге жұмсалып, құрылыс жұмыстарын «Мастер» ЖШС (басшысы Рамиль Халелов) қысқа мерзімде атқарып шықты. 96 орындық жаңа мектептегі барлық кабинеттер құрал-жабдықтармен қамтылған. Мультимедиялық, дәрігерлік, тіс дәрігері кабинеттері, басқа да қажетті орындар бар.
Ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Тимур Шәкімов Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылып жатқан оң істердің мол екенін атап өтті.