ОРАЛ. 27 маусым. ҚазАқпарат - 26 маусым күні Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылының тұрғыны жер жұмыстарын жүргізу барысында өз үйінің ауласынан снаряд тауып алған.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, снаряд азамат соғысынан қалған «ескерткіш» болып шықты. Оның ұзындығы 32 см, диаметрі 7,6 см.
21 маусым күні Тасқала ауданы Крутой ауылында азамат соғысынан қалған снаряд табылып, жойылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).