Батыс Қазақстанда тағы төрт тұрғын жазылып шықты
00:24, 03 Мамыр 2020
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы төрт адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олар – Орал қаласы, сондай-ақ Тасқала, Теректі және Бәйтерек аудандарының тұрғындары.
«Бәрінің де жағдайы қанағаттанарлық. Бақылау сынамалары коронавирустың жоқтығын көрсетті. Енді олар үйлерінде карантинде болады», деді Н.Ахметова.
Осылайша БҚО-да емделіп шыққандар саны 14-ке жетті.