БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 шілде күні Орал қаласында 60 жастағы ер адам Жайық өзеніне белгісіз жағдайда батып кетті.
Марқұмның денесін 1-саяжай серіктестігі маңында құтқарушылар (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 22.38-де шығарды.
Тағы бір қайғылы оқиға Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі Ескіесім елді мекені маңында болды. 12 шілде күні сағат 08.25-те құтқарушылар (4 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) Жайық өзенінен 19 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол 11 шілде күні жабдықталмаған жерден сағат 18.00-де батып кеткен.
12 шілде күні сағат 10.07-де Оралда «Комарово» саяжай серіктестігі маңында құтқарушылар (5 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) 18 жастағы жігіттің денесін Жайықтан шығарды. Ол 10 шілде күні сағат 16.36-да жабдықталмаған жерде шомылу кезінде судан шықпай қалған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда суға кеткендердің тең жартысынан астамы балалар екендігін жазған болатынбыз.