Батыс Қазақстанда темір бункерлерді ұрлаған «күзетшілер» ұсталды

None
ОРАЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданы Амангелді стансасында «Градиент» ЖШС-ға тиесілі астық қабылдау кәсіпорны аумағынан белгісіз біреулер астық қалдықтарына арналған темір бункерлерді ұрлап кеткен.

Облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағанындай, тергеу барысында мұны жымқырған сол стансаның қос тұрғыны болып шықты. Олардың біреуі «Групп-4» ЖШС-да, екіншісі «Қазақтелеком» АҚ филиалында күзетші екен. Сөйтіп заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін қорғауға тиісті адамдар өздері ұры болып шықты. Олардың үстінен ҚР ҚК 175-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

2012 жылы күзет құрылымының қызметкерлері 34 қылмыс жасаса, биыл 4 қылмыс тіркелген.