Батыс Қазақстанда тоғызқұмалақтан бөрліліктер мен оралдықтардың мерейі үстем болды
11:29, 18 Қазан 2012
ОРАЛ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Тоғызқұмалақтан өткен жастар арасындағы облыс біріншілігінде бөрліліктер мен оралдықтар ешкімге дес бермеді.
Барлығы 11 команда құрамында 118 спортшы қатысқан жарыста жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында бөрлілік Есен Ниязбеков пен Әйгерім Лесқалиева үздік шықты. Әйгерім блицтен де алтыннан алқа тақты. 18 жасқа дейінгілерден Бөрлі ауданынан келген Мереке Қобыланов жеңіс биігіне көтерілсе, қыздар арасында сырымдық Ақгүл Нұрғали жеңімпаз атанды. 20 жасқа дейінгілер арасында оралдықтар Сайлан Матылов пен Жанаргүл Қаяпбергенова бас жүлдегер атанды. Сайлан блицтен де топ жарды. Бұлардың алды - еліміз намысын да абыроймен қорғап жүргендер.