ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында төрт адамды жарақаттаған қасқыр құтырған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, оқиға 7 мамыр күні Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты Шоқтыбай ауылында болған еді.
«Қасқырдың басын зерттеу қорытындысы оның құтыруға шалдыққандығын көрсетті. Қазіргі кезде Шоқтыбай елді мекенінде 60 күнге шектеу қойылды. Барлық үй жануарлары егіліп, аулаларға дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Шоқтыбайда барлығы 69 аула бар, 273 тұрғын тұрады. Қасқырдың тісі тиіп, жарақат алған тұрғындар емін жалғастыруда», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ә.Мұханбетжанова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шапқанын жазған болатынбыз.
Ашық көздерден алынған фото
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).