ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 548,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім көлемі 376,7 млрд. теңгені немесе газ конденсатын өндірудің 1,9 пайызға азаюы есебінен 99,4 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 10,0 пайызға өсті.
Биылғы төрт айда өңдеу өнеркәсібінде 26,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл 2011 жылғы қаңтар-сәуірдегіден мұнай өнімдерін өндіру (59,3%-ға), металлургия өнеркәсібі (8,1%-ға) көлемдерінің азаюы салдарынан 19,0 пайызға кем. Есесіне резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі, машина жасау 1,7 есеге, өзге металл емес минерал өнімдерді өндіру көлемі 1,5, жиһаз 1,4, дайын металл бұйымдарын өндіру, жиһаз 1,3, сусындар, киім 1,2 есеге, тамақ өнімдері 19,8 пайызға артты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).