ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 430 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның тең жартысына жуығы немесе 208-і Орал қаласында тіркелген.
Сондай-ақ індет Бөрлі (74) және Бәйтерек (62) аудандарында өршіп кетіп отыр. Төрт күнде Теректіде 23, Сырым мен Қазталовта 13, Тасқалада 9 адамның ауырғаны тіркелді.
Департамент мәліметіне қарағанда, 430 адамның 357-сінде ауру белгілері болса, 173-інде симптомсыз өтуде. 202-сінен ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген кезде анықталса, 149 адам бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. Оған қоса профилактикалық мақсатта қаралған 72, стационарға жатқызу алдында сынама алынған 7 адамнан коронавирус табылды.
Індет басталғаннан бері өңірде 15576 адам сырқаттанса, соның 12516-сы жазылып шықты. 246 адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде 100-ден астам полиция қызметкерінің екпе салдырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).