Шараны ұйымдастырып отырған «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының өкілдері мәлім еткеніндей, байқау 5 қыркүйек пен 25 қазан аралығында барлық білім беру мекемелері 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтетін болады. Байқауды арнайы конкурстық комиссия бағалайды. Комиссия құрамында «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, білім басқармасының қызметкерлері, барлық деңгейдегі маслихат депутаттары, аймақтың қоғам қайраткерлері мен белгілі жазушылар, журналистер, партияның бастауыш ұйымдарының төрағалары, мектеп ұстаздары, жоғары оқу орындары және колледж оқытушылары болады.
Шығармалар "Шағын Отан неден басталады?", "Туған өлке батырлары", "Туған өлке болашағы жайлы арманым", "Туған өлке игілігі" аталымдары бойынша қабылданады. Шығармалар жас ерекшеліктеріне байланысты үш санатқа (5-6, 7-9, 10-11 сыныптар) және қазақ тілінде немесе орыс тілінде жазылған шығармалар деп бөлек қаралады. Айта кететін жағдай, шығарманы жеке адам орындауы тиіс. Ұжымдық жұмыстар қабылданбайды. Байқау жұмыстары электронды түрде қабылданады (жұмыс көлемі - А4 форматты 2-4 бет, шрифт - Times New Roman, шрифт өлшемі - 14, жоларалық интервал - 1,0). Байқау жұмыстары электронды түрде bko2@zhasotan.kz немесе zhasotanbko@mail.ru электронды адрестері бойынша қабылданатын болады. Сонымен қатар, байқау қатысушылары жұмысымен қатар қысқаша өмірбаянын, баспа және электронды форматта 3х4 сурет, мекен-жайын және телефон нөмірі жіберуі керек. Байқау қорытындысы 2017 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жарияланатын болады. Жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының грамоталары, дипломдары мен естелік сыйлықтарымен марапатталады. Сонымен қатар бірінші орын алған шығарма партияның орталық аппаратының қолдауымен шығарылатын ең үздік шығармалар жинағына енетін болады.