ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 4 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде тұманмен қатар көктайғақ болуы ықтимал.
Сонымен қатар жаяу бұрқасын соғады.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын хабарлады.
«Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында шаралар алынуда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілді», деді департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).