ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл тұрғын үй құрылысы бойынша барлығы 6 млрд. теңге мемлекет қаражаты игерілетін болады.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, соның ішінде инженерлік коммуникацияларды тартуға 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте салынатын нысандардың ең алдымен сапалы болуына және мерзімінде тапсырылуына баса назар аударылады.
Өңірде Елбасы тапсырмасына сәйкес «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес нақты жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы барлық қаржыландыру көздерінен 244 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл жоспарланған көлемнен 1,2 есеге артық. Несиелік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында жоспарланған 23 мың шаршы метрдің орнына 32 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу қамтамасыз етілді. Республикалық бюджет қаражатына жоспарланған 31 мың шаршы метрдің орнына 37,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік емес қаражат есебінен 193 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл - 2011 жылғымен салыстырғанда 11,4 пайызға көп.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).