Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 сәуір күні Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылында болды.

«Сағат 12.53-те Алтын таға көшесі 7/1-мекенжайында екі пәтерлік үйдің бір жағы жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт аумағы шамамен 100 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 15.19-да оқшауланып, 16.21-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, өрт салдарынан бір отбасы баспанасыз қалды. Күні бүгін оларға көмек ұйымдастырылып жатыр.