ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйден екі зейнеткердің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға 25 ақпан күні Бәйтерек ауданы Трекин ауылында болған.
Сағат 18.00-де өз үйінен 1956 жылғы екі зейнеткердің мүрдесі табылды.
Алдын ала мәліметке қарағанда, олар табиғи газдан уланып, қайтыс болған.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, әйелі диванда отырған жерінде жан тапсырса, күйеуі сыртқы есікке жете алмаған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, біз осыған дейін Батыс Қазақстан облысында жеті елдімекеннің жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).