ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында үсік жүретіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 5 қыркүйек күні түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1-3°С үсік болуы ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету бағытында шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді.
Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, төтенше жағдайларды жоюға қажетті күш-құралдар дайындыққа келтірілді.
Айта кетейік, өңірде үсік жүретіні жөнінде бұдан бұрын да ескертілген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).