ОРАЛ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер аумағында үшінші елдер азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына және адам саудасына тосқауыл қою мақсатында Батыс Қазақстан облысында 14-20 мамыр
күндері аралығында «Заңсыз келуші-2012» бірлескен жедел алдын алу шарасы өткізілуде.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, екі күннің ішінде Қазақстан Республикасында жүріп-тұру тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 394-бабына сәйкес 251 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шақырылған шетелдіктермен Қазақстан Республикасында жүріп-тұру тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБК 395-б.) Қазақстан Республикасының 24 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шетел жұмыс күштерін қолдану тәртібін бұзғандары үшін (ҚР ӘҚБК-нің 396-б.) жұмыс беруші 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде мемлекет шекарасынан заңсыз өтудің (ҚР ҚК 330-б.) 1 қылмыстық фактісі анықталды.
Қабылдап-тарату орнына төлқұжаты жоқ 1 шетелдік орналастырылды. Іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).