Батыс Қазақстанда жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 27 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде тұман түседі.

Жаяу бұрқасын көтеріліп, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Сондай-ақ көктайғақ болады.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқанын хабарлады.