ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 25 мамыр күні өңірдің кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаңды дауыл да соғуы ықтимал. Ал 26 мамыр күні жел солтүстік-шығыстан тұрып, екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Облыс орталығы Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ.
БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар жасалып жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бір айдай уақыт бұрын, 28 сәуір күні БҚО-да күшті жел 14 ғимараттың шатырын жұлып әкетіп, Оралда екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).