Батыс Қазақстанда жел күшейіп, бұрқасын көтеріледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне қарағанда, 18 наурыз күні өңірдің кей жерлерінде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Орал қаласында да осындай ауа райы болып, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал.

Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, қауіпсіздік шаралары қолға алынуда.