Батыс Қазақстанда жел күшейіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ

None
ОРАЛ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, Орал қаласы мен облыстың кей жерлерінде 22 желтоқсан күні қар жауып, бұрқасын көтерілмек.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, көктайғақ болуы да ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек. Осыған байланысты аталмыш департамент тұрғындарға ескерту жариялап, сол күні елді мекендерден алысқа ұзамау керектігін еске салды.