ОРАЛ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, Орал қаласы мен облыстың кей жерлерінде 22 желтоқсан күні қар жауып, бұрқасын көтерілмек.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, көктайғақ болуы да ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек. Осыған байланысты аталмыш департамент тұрғындарға ескерту жариялап, сол күні елді мекендерден алысқа ұзамау керектігін еске салды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).