ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 15 қыркүйек күні күндіз өңірдің кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Сондай-ақ, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал.
Орал қаласында жел екпіні секундына 18 метрге жетіп, найзағай ойнайды.
БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар алынып жатқанын хабарлады. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, төтенше жағдайларды жоятын күш-құралдар дайындыққа келтірілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).