ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 13 сәуір күні кей жерлерде тұманға қоса солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқанын хабарлады.
Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, апатты жағдайды жою үшін күш-құралдар дайындыққа келтірілді.
Оралда бүгін де күн желкем болып тұр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).