ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 ақпан күні шамамен сағат 15.00-де Орал-Атырау жолы бойында Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы тұсында болды.
«Лада Приора» жүк көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапқандардың төртеуі – әйел, екеуі – ер адам.
Тайпақ ауылдық ауруханасына жеткізілген 42 жастағы ер адамның бұғанасы сынып, ішінен жарақат алған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).