ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 ақпан күні Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Самал ауылы тұсында болды.
Сағат 13.30-да Беларусь азаматы ауа райының қолайсыздығынан (жолдың нашар көрінуі салдарынан) Skania жүк көлігімен жол шетінде тоқтап тұрған Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктеріне барып соғылған.
БҚО ТЖ департаменті апаттық медициналық орталығы трассалық-медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Ақжайық
аудандық орталық ауруханасына жеткізді.
Дәрігер қарағаннан кейін төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. 23 жастағы жүкті келіншек ауруханада дәрігер бақылауында қалдырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).