Батыс Қазақстанда жол апатынан 7 жасар қыз қаза тапты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 7 жасар қыз қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО полиция департаменті
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 маусым күні шамамен сағат 09.00-де болды.
«Жымпиты-Қаратөбе жолының 75-шақырымында 40 жастағы жүргізуші масаң күйде»Лада-2114«автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылған.
»Жол апаты салдарынан 2016 жылғы қыз бала Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. Жүргізуші дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді«, деді БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Олжас Ибрайымов.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында құдыққа құлаған сәбидің көз жұмғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).