ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 наурыз күні сағат 09.50 шамасында Самара-Шымкент автожолында Бәйтерек ауданы Погодаев ауылы тұсында болды.
«Фольксваген» автокөлігінің 1962 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан қырғызстандық азаматтың басқаруындағы «Вольво» жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан «Фольксвагеннің» 57 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы - 1994 жылғы жігіт Оралдағы ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).