ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 мамыр күні сағат шамамен 23.05-те Орал қаласы маңында болды.
«46 жастағы жүргізуші «Changan» автокөлігімен Подстепный - Меловые горки жолының 5-шақырымында қарсы бетке шығып кеткен. Содан 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Volvo» жүк көлігінің жартылай тіркемесімен түйіскен. Соның салдарынан 45 жастағы жүргізушіге қоса 1977 және 2011 жылғы жолаушылар алған жарақатынан есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).