Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес 12600 адам жұмыс орнын таппақ

None
ОРАЛ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес 12600 адам жұмыс орнын таппақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ерболат Жұмағалиевтің айтуынша, Елбасы Жолдауына сәйкес «Жол картасының» инвестициялық бағыттарын қосымша қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 680 млн. теңге бөлінді. Республикалық қазына қаржысын қоса есептегенде барлығы 4,1 млрд. теңгені құрады. Осыған 36 білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ғимаратын күрделі жөндеу, сумен қамту және электр жабдықтау нысандарын, жолды ретке келтіру, алаң, бақтарды абаттандыру жоспарланды. Бұл сол нысандар жүйесін сақтап, құрылыс индустриясы, көлік және құрылыс ұйымдарына нақты қолдау көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге 8823 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сол секілді республикалық бюджет есебінен 3777 әлеуметтік және жастар тәжірибесі жұмыс орны ұйымдастырылмақ.