БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 ақпан күні Қазталов ауданында болды.
Сағат 05.49-да №11 өрт сөндіру бөлімінің «101» телефонына Бозоба ауылы маңында ВАЗ-2115 автокөлігінің жолда тұрып қалғаны жөнінде хабар түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар УАЗ автокөлігімен 7 адам, соның ішінде 2 баланы Қазталов ауылына жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажетсінбеді.
Қазталов ауданы №11 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің жедел іс-қимылы нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.
БҚО ТЖ департаменті қыс кезінде жолдарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін еске салады. Жолдардағы жағдай туралы мәліметті «Дермен» мобильді қосымшасынан алып, құтқарушылар көмегі қажет болған кезде «112» нөміріне хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 2 бала құтқарылғанын, Батыс Қазақстанда қалың тұманға байланысты республикалық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.