Батыс Қазақстанда жолдар жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, көктайғақ пен боранға байланысты жергілікті сағат 20.00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін бірнеше жол жабылды.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Орал-Атырау (Орал мен Атырау облысының шекарасы), Самара-Шымкент (Орал мен РФ шекарасы), Орал-Тасқала (Орал мен РФ шекарасы) жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.