Батыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 наурыз күні Теректі ауданы аумағында болды.

Сағат 08.53-те Самара-Шымкент жолының 290-шақырымында Барбастау ауылы тұсында бір реттік пластикалық ыдыс тиелген «Мерседес» жүк көлігі отқа оранды.

«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен сағат 10.00-де ауыздықталды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Жыл басынан бері осымен 20 автокөлік өртенді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 300-дей жүк көлігі жол кептелісінде тұрып қалғанын жазған болатынбыз.