Батыс Қазақстанда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес бөлінген 3,2 млрд. теңге толықтай игерілді

None
ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес  бөлінген 3,2 млрд. теңге толықтай игерілді.

Облыс әкімдігінен хабарлағанындай, бизнес негіздеріне 2 мың ауыл тұрғындары оқытылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 1,5 мыңнан астам ауыл тұрғыны өз ісін ашты. Ауыл кәсіпкерлері тігін, кондитер цехы, жиһаз шеберханаларын, шаштараз, фотосалон және басқа халыққа қажетті орындарды ашуда.

Биылғы 1 қарашаға белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 25,5 мыңға жетті, бұл өткен жылғыдан 4,4 пайызға көп. Аталмыш салада бүгінгі таңда 91,5 мың адам еңбек етуде, бұл 5 пайызға артық.