ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында тұратын, жүз жасқа толған Жұмагүл Абдулкаримоваға құрмет көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Абай Иманғалиев кейуанаға құттықтау хатын жолдаса, ауыл, мектеп басшылары, ақсақалдар кеңесі иығына шапан жауып, бағалы сыйлық табыс етті.
Бұрын осы ауылда ғасыр жасаған ешкім болмаған еді. Жұмагүл әжей өзін елеген ел азаматтарына шын көңілден алғысын айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).