Батыс Қазақстанда жыл басынан бері өнеркәсіпке 88,5 млрд. теңге инвестиция тартылды
21:09, 02 Желтоқсан 2012
ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда өнеркәсіпке 88,5 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 72,5 млрд. теңге немесе 81,5 пайызы - кен өндіру, 9,3 млрд. теңге немесе 10,5 пайызы - қайта өңдеу, 3 млрд. теңге немесе 3,4 пайызы электрмен жабдықтау, газ жүргізу саласына бағытталды.
Шикізаттық емес салаға он айда 42,75 млн. доллардың орнына 61,8 млн. АҚШ доллары тартылды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өнеркәсіпке инвестиция тарту 3,6 пайызға өсті.