Батыс Қазақстандағы Сәуір жары – табиғаттың өзі соққан ескерткіш

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Теректі ауданында орналасқан Сәуір жары – табиғаттың өзі соққан ескерткіштің бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәуір жары (Сауркиняр) аудан орталығы Федоров ауылынан 17 шақырым жерде орналасқан.

ӨлкетанушыГеннадий Креймердің айтуынша, Жайық өзені дәл осы араға келгенде, кілтбұрылады. Өзеннің Бұқар бетіндегі сол жағалауын су тасқыны шайғандықтан,топырақ опырылып, тік жар пайда болған. Оның биіктігі 40 метрден асқан.

ЖардыңСәуір деп аталуының тарихы бар. Осы маңда Сәуір деген ақсақал өмір сүрген. Оныңауылы Қайыңсайда болған. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан Сәуір жары депатала бастаған.

Жардыңұзындығы бір шақырымнан асады. Оның баурайынан бұлақтар ағып жатыр. Жардыңастында бекіре тұқымдас және қара балықтар қыстайтын шұңқыр бар. Ал бетіндегібалшықты алуға Орал қаласы мен жақын маңдағы ауылдардан тұрғындар келіп, онымүсін соғып, ескерткіш жасауға пайдаланады. Балшық сондай-ақ емдік мақсатта дақолданылады.

Сәуіржарына келушілер жаз шыға көбейеді. Әсіресе, «Кіші Жамбыл» деп аталатын жертуристер үшін ерекше тартымды.

Сәуіржары жер астындағы қозғалысты қатты сезінеді. Шалқар көлінде жер сілкінгенкезде Сәуір жарында да үлкен көлемде топырақ омырылып кеткен. Сол секілді бұданбірнеше жыл бұрын Барбастау өзеніне зиянды қалдықтар тасталған кезде балықтарқырылған болатын. Дәл сол күні Сәуір жарында бес қабатты үйдің биіктігінебарабар топырақ құлаған.

Тағыбір ерекшелігі, Сәуір жарында ағаш пен өсімдіктің түр-түрі өседі. Ол құрамыжағынан Ресейдің орталық бөлігіндегі орманға ұқсас деп айтуға болады.

Емдікмақсатта қолданылатын шөптер де жеткілікті.

Сәуіржарын құндыздар мекендейді. Мұны тамырын кеміргендіктен, құлап жатқанағаштардан байқауға болады.

«Сәуіржарын тамашалауға жыл сайын 2 мыңнан астам адам келеді. Дегенмен оныҚазақстанның өзге өңірлері жақсы біледі деп айту қиын. Егер ел көлеміндекеңінен насихатталса, туристер қатары да көбейер еді. Сонымен қатар табиғаттыңерекше құбылысы – Сәуір жарын табиғи бақ жасау жөнінде ұсыныстар айтылыпкеледі», дейді Геннадий Креймер.

Теректіаудандық балалар шығармашылығы үйінен түскен мәліметке қарағанда, биылғымаусым-шілде айларында Сәуір жарына веложорықтар, су жорықтары,экспедиция-саяхаттар ұйымдастырылған.

Шынындада табиғаттың осынау көркем жерін тамашалаушылар қатары сиремесі анық.

Соңғы жаңалықтар