ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ісмерлердің, суретшілер, дизайнерлер мен зергерлердің жаңажылдық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Alem Plaza» сауда орталығында Шараны ұйымдастырған «Хозяйка медной горы» клубының жетекшісі Нұргүл Жамалованың айтуынша, елуден астам ісмер белсене қатысқан мұндай жәрмеңке қалада алғаш рет ұйымдастырылды. Оған талантты суретшілердің, дизайнерлер мен зергерлердің таңдаулы туындылары қойылды. Мұнда жұмсақ ойыншықтан бастап бисермен тігілген, жіптен тоқылған, сондай-ақ теріден жасалған түрлі бұйымдарды көруге болады.
Жәрмеңкеге сондай-ақ «Ардагер» қалалық ардагерлер клубы, балалар шығармашылық ұжымдары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бұйымдарды сатып алушылар аз болған жоқ. Сонымен қатар ісмерлер бас қосып, тәжірибе алмасты, алдағы ой-жоспарларымен бөлісті.
Болашақта мұндай жәрмеңке дәстүрге айналмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).