ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы Мереке ауылында қарасанмен ауырған бір бас мал жойылып, аумақта карантин жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Михаил Снопковтың айтуынша, тиісті шаралар атқарылды, қазір жағдай бақылауда. Ауылда карантин бір-екі аптадан кейін алынатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).