Royal Dutch Shell Египеттегі өзінің өкілдігін жабатыны туралы шешімін жариялады. Таратылған мәлімдемеде, атап айтқанда, «қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Shell компаниясы келесі аптаға дейін Египеттегі барлық кеңселерін жабуды және осы елге іскерлік сапарларды шектеуді қажет деп тапты», делінген.
Шведтің Electrolux компаниясы Египеттегі өндірісін тоқтату туралы жариялады. Компанияның египеттегі қызметткерлерінің саны 7 мың адамды құрайды.
Американдық General Motors Египеттегі компания кеңсесін жабу және Каир маңында орналасқан зауытта автомобиль құрастыруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Toyota өз зауытының жұмысын тоқтатты.