Батыс компаниялары көп шағымданғанмен ешқайсысы да Қазақстаннан кеткен жоқ - Эндрю Нефф

МАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда инвестициялық ахуал бәрі бір жақсы. Оны HIS Energy Бас энергетикалық сарапшысы Эндрю Нефф бүгін Алматыда өз жұмысны аяқтаған 19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясында айтты.

"Батыс компаниялары өте көп шағымданады. Бірақ ешқайсысы да кеткен жоқ. Өйткені Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз жобалары Қазақстанға ғана емес оған қатысып жатқан әр компания үшін де өте маңызды. Әр тарап бұл жобаларында барынша жоғары тиімділік көріп отыр", - деді Э. Нефф. Оның пайымдауынша, 1990 жылдары жасалған келісімшарттар Қазақстаның экономикалық даму деңгейі мен экономикалық мәртебесі өзгеше уақытта жасалды. Қазақстан үшін қолайсыз жағдайлар болды. Батыс компаниялары келісімшарттардың сол қалпында қалғанын қалайды. Алайда елде инвестициялық ахуал бәрі бір жақсы.