«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» магистралiнiң жылдық экономикалық пайдасы 300 млн. доллар болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестиция және даму министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң төрағасы Мереке Пiшембаев мәлiм еттi.

"Батыс Қытай - Батыс Еуропа" магистралi - мегажоба. Оның Қазақстан экономикасы үшiн үлкен мультипликативтi әсерi бар. Ол пайдалануға берiлгенде жүк тасымалы 3 есеге дейiн артады. Жол-көлiк оқиғаларының азаяюы, қосымша жұмыс орындары мен кәсiпкерлiктiң дамуы, жүк тасымалы уақытының азаяюы және тағы басқа факторлардың әсерiнен оның жыл сайынғы экономикалық пайдасы 300 млн. доллар болады. Жүк тасымалының уақыты да бiршама қысқарады", - дедi ол.

Комитет басшысының атап көрсеткенiндей, 2,7 мың шақырымдық магистральдiң қазiргi уақытта 1,8 мың шақырымы салынып бiттi. 2015 жылы Шымкент-Тараз учаскесi пайдалануға берiлген. 2016 жылы транзиттiк магистраль құрылысы толығымен аяқталады.

Айта кетейiк, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы басты міндеттердің бірі - көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы.

Бұл бағыт хабтар принципі бойынша макроаймақтарды құру аясында жүзеге асырылатын болады. Негізінен Астана мен макроаймақтарды байланыстыратын автожол, теміржол және әуе жүйелеріне назар аударылады.