«Батыс майданда өзгеріс жоқ» картинасы жеті номинацияда BAFTA сыйлығын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Netflix компаниясы неміс тілінде түсірген Эрих Мария Ремарктың «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі Британия кино және телевизиялық өнер академиясының (BAFTA) 7 марапатына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Эдвард Бергердің антимилитаристік картинасы 14 номинация бойынша жүлдеге ұсынылып, үздік фильм және үздік режиссер ретінде марапатталды.

Лондондағы Король фестивалінен кейін түсірілім тобы 12 наурызда Лос-Анжелестегі Dolby кинотеатрында 95-ші мерейтойлық «Оскар» марапаттау рәсіміне қатысады.

«Батыс майданда өзгеріс жоқ» тоғыз номинацияға ұсынылған.

Аустралиялық жұлдыз Кейт Бланшетт «Тар» фильмінде дирижёр рөлі үшін үздік актриса ретінде ВAFTA алды.

Ал, америкалық Остин Батлер «Элвис» фильмі үшін үздік актер деп танылды.

Биыл барлығы 45 фильм номинацияға ұсынылды.


Фото: bbc.com